ГлавноеГосорганы

Зеленскийге Қырымның орнына Түркияға шабуыл жасауға кеңес берген депутат Анна Башинская өкілеттігінен айырылды

Украина президенті Владимир Зеленскийге Қырымның орнына Түркияға шабуыл жасауға кеңес берген депутат Анна Башинскаяның өкілеттілігі тоқтатылды, деп хабарлайдыStan.kz ақпарат агенттігі.

 

Бұл туралы депутаттың өзі Facebook парақшасында мәлімдеді.

“Құрметті достар! Мен өз әрекеттеріммен еліміздің бейбіт саясатына көлеңке түсіргім келмейді.
Осы күндері көп ойландым және менің әрекетімді айыптағандардың барлығының сезімдерін терең түсіндім.

Менің пікірім бүгінгі келеңсіз оқиғалар аясында орынсыз болғанын тағы да атап өткім келеді. Осылайша, қоғам алдында күрделі мәселе туғыздым.

Осыған байланысты мен партияның ресми ұстанымын толығымен келісемін. Жеке жауапкершілікті сезіне отырып, мен депутаттық өкілеттіктерді тоқтату туралы шешім қабылдадым. Жіберілген қателігім  үшін барлық отандастарым мен партияластартарымнан шын жүректен кешірім сұраймын. Барлығына жақсылық пен бейбітшілік тілеймін”, – деп жазды Башинская.

Бұған дейін оның әрекетіне қатысты Алматы қалалық мәслихатының хатшысы Станислав Канкуров пікір білдірген.

Анна Башинскаяның бұл пікірі партияның көзқарасын білдірмейді.

«AMANAT» партиясы өзге елдердің саясатына араласпайды. А.Башинская абайсызда қателікпен жазылған пікірі үшін өз тарапынан кешірім сұрады. Дегенмен, айтылған сөздің ауыртпалығы мен оның саяси астарын ескере отырып, бұл мәселені партия бей-жай қалдырмайды, -дейді Станислав Канкуров.

Бұған дейін Алматы қалалық мәслихатының сегізіші шақырылымының депутаты Анна Башинская Украинаның Қырымды өз бақылауына қайтарғысы келетіні туралы екіұшты пікір білдірген болатын.

“Зеленский мырза, одан да Түркияға шабуыл жасаңыз. Ол жақты жыл бойы ауа райы жылы болады”, – деп пікір қалдырды Башинская Deutsche Welle парақшасында жазба астында.

Кейін ол тағы бір пост жариялап, жоғарыдағы сөзі үшін барлығынан кешірім сұрады.

Другие новости

Back to top button