Социум

Зеленский Вашингтонға бара жатуы мүмкін – америкалық баспасөз

Екі тарап та бұл ақпаратты ресми түрде әлі растаған жоқ

Бірқатар америкалық басылым, соның ішінде CN және Axios Украина президенті Владимир Зеленскийдің бүгін Вашингтонға ұшып барып, Конгресс алдында сөз сөйлеуі және АҚШ президенті Джо Байденмен кездесуі мүмкін деген ақпарат жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy шетелдік басылымдарға сілтеме жасап.

Ресми түрде украиналық та, америкалық тарап та бұл ақпаратты әлі растаған жоқ.

Владимир Зеленский соғыс басталғаннан осы уақытқа дейін Украинада болды және Киевте шетелдік саясаткерлерді қабылдады немесе оларға бейнебайланыс арқылы шығып келді.

Егер АҚШ-қа сапар туралы ақпарат расталса, бұл Украина президентінің 24 ақпаннан бергі шетелге алғашқы сапары болмақ.

Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси журналистердің «Зеленский Капитолийге шақырылды ма?» деген сұрағына «Жоқ, біз ол нақты келе ала ма, жоқ па, әлі білмейміз» деп жауап берді.

Бұл ретте Пелоси депутаттарға хат жолдап, олардан сәрсенбіде Өкілдер палатасының отырысына міндетті түрде қатысуын сұрады.

Ал сейсенбі күні кешке Түркияның Қорғаныс министрлігінің Facebook парақшасында Киевтің Борисполь әуежайынан екі ұшағының ұшқанын жазды. Сондай-ақ түрік ұшақтары соғыс басталғалы бері ұшып кете алмағаны да  белгілі болған.

Другие новости

Back to top button