ГлавноеГосорганы

Заңсыз бизнесті азайту бюджетке түсетін қосымша табыс көзі екенін түсінуіміз керек – Смайылов

Көлеңкелі экономиканы азайтудың негізгі жолы – мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін жаппай цифрландыру. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шілде айында алдағы 3 жылға арналған Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі кешенді іс-шаралар жоспары жаңартылды. Заңсыз бизнестің үлесін азайту – ол бюджетке түсетін қосымша табыс көзі екенін түсінуіміз керек», — деді Әлихан Смайылов.

Үкімет басшысының атап өтуінше, көлеңкелі экономиканы азайтудың негізгі жолы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін жаппай цифрландыру және интеграциялау болып саналады.

«Бұл жұмысты күшейтіп, жоспарланған барлық іс-шаралардың уақытылы орындалуын қамтамасыз ету керек. Цифрлық даму министрлігі осы мәселені бақылауда ұстауы тиіс», — деді Премьер-Министр.

Другие новости

Back to top button