Алматы

«Заңға бағынбаған»: Алматыда полицейлер жүк көлігі жүргізушісін аяусыз ұрып-соққан видеосы тарады

Жүргізушінің жеңіл дәрежедегі алкогольдік және есірткілік мас күйде болғаны анықталды

Әлеуметтік желіде полиция мен тұрғынның төбелесіп жатқан видеосы тарап кетті. Алматы қаласы Полиция департаментінің хабарлауынша оқиға 26 қазан күні болған.

«26 ​​қазанда 102 пультіне Сағдиев көшесінің бойында жол-көлік оқиғасы болғаны туралы хабарлама келіп түсті. ЗИЛ және Тоуоta көліктері соқтығысқан. Ақпаратты патрульдік полиция экипажы растады. ЗИЛ-ді 1984 жылы туған Т. есімді азамат басқарған, ол алкогольдік масаң күйде болды. Ер адам агрессиялық мінез-құлық көрсетіп, полиция қызметкерлеріне бағынбаған.

Құқық бұзушы медициналық куәландырудан өтті, оның қорытындысы бойынша ол канабиноидты топтың әсерінен жеңіл дәрежедегі алкогольдік және есірткілік мас күйде болғаны анықталды. ҚР ӘҚбК-нің 608-бабы 3-бөлігі бойынша материал жинақталды. Алматы қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен аталған құқық бұзушылықты жасағаны үшін ол кінәлі деп танылып, 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды», — деді Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

Другие новости

Back to top button