Выбор редакцииСпорт

Волейболшы Сабина Алтынбекова есімін не үшін Нұрипа деп өзгерткенін түсіндірді

Волейболшы Сабина Алтынбекова әлеуметтік желіде есімін өзгерткеніне қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Спортшының оқырмандары оның әлеуметтік желідегі аты Нұрипа Алтынбекова деп өзгергенін байқаған.

«Есіміме қатысты. Қателесіп, анамның Facebook-парақшасын тіркеп қойыппын. Жақында өзгертемін», — дейді спортшы.

Сонымен қатар, волейболшы оның ақшасын санағандарға жауап берді.

«Ұйқыдан оянып, өзімді «ең бай 20 волейболшының рейтингінде» екенімді көрдім. Өзге біреулер менің өміріме қатты мән беретініне таңғаламын.

Ал шын мәнінде, мен сүйікті ісіммен айналысып, сол арқылы табыс тауып отырмын. Мен жұмыс істеп жүрген кезде біреулер менің ақшамды санап жүр және сол туралы әлеуметтік желіде жазып жүр. Ондай нәрсені қатты ұнатпасам да осы жаңалықты естіп бір күліп алдым», — дейді спортшы.

Еске салайық, кеше, Сабина Алтынбекова әлемдегі ең бай волейболшы қыздар тізіміне енгені белгілі болды.

Түркияның Milliyet сайтында әлемдегі ең бай волейболшы қыздардың тізімі жарияланды. Бұл қатарда қазақстандық Сабина Алтынбекова да бар.

Интернет-басылым ең бай 20 волейболшының рейтингін түзген. Отандасымыз Сабина Алтынбекова 11-орында тұр. Байлығын 4,7 миллион доллар деп бағамдаған. Тізім клубтық деңгейдегі табысы, демеушілер қолдауы мен жылжымайтын мүлікке салған инвестициясы негізінде түзілген.

Сабина Алтынбекова БАӘ-нің «Аль-Васл» клубында ойнайды. Жуырда ғана аталған елдің ұлттық чемпионатында жеңімпаз атанды.

 

Другие новости

Back to top button