Социум

Владимир Зеленский Украинаның 2023 жылдағы мақсатын айтты

Украина президенті алдағы жылға арналған негізгі міндеттер қазірдің өзінде белгіленгенін айтты

Ресейдің Сыртқы істер министрі Киев Мәскеудің соғысты тоқтату туралы талаптарын қабылдауы керек, әйтпесе ұрыс даласында жеңіліске ұшырайды деп мәлімдегеннен кейін бір күн өткен соң Ресей әскері Шығыс және оңтүстік Украинаға оқ жаудырды, деп хабарлайды Azattyq RuhyEuronews.com-ға сілтеме жасап.

Украина президенті Владимир Зеленский алдағы жылға арналған негізгі міндеттер қазірдің өзінде белгіленгенін айтты. Ол Жоғарғы Радада жыл сайынғы жолдауында айтуды жоспарлап отыр.

«Біз алдағы жылы да ұлттық мақсаттарымыз туралы жалпы түсінікті сақтауымыз керек. Әрине, бұл- біздің жерімізді жаудан босату, сондай – ақ Украинаны қалпына келтіру, халқымызды үйге қайтару, мемлекетімізді негізгі серіктестермен одан әрі жақындастыру, Украина үшін әлемде жаңа мүмкіндіктер ашу-бұл жақын арада болатын міндеттер. Тек ел үшін ғана емес, әрқайсымыз үшін де», — деді Украина президенті Владимир Зеленский.

Другие новости

Back to top button