Госорганы

Вирус жұқтырып, тұмауратқан балаға қалай көмектесуге болады

 Жыл сайын жіті респираторлық-вирустық аурулар маусымында ересектермен қатар балалар да инфекция жұқтырады. Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігі ақыл-кеңес берді.

ЖРВИ, КВИ, тұмау да жеңіл, орташа, ауыр дәрежеде болуы мүмкін.

Аурудың жеңіл түрімен ауруханаға барудың қажеті жоқ, онда тоғыспалы инфекцияларды жұқтыру қаупі жоғары.

«Жұмыс күндері және демалыс күндері емханада сүзгі бөлмелері жұмыс істейді, онда сіз балаңызбен бірге дәрігерге қаралуға және аурудың ауырлығын және оған қандай медициналық көмек қажет болатынын білеаласыз. Аурудың жеңіл дәрежесі болса, температура парацетамол ішкен соң бірден төмендейді, жай-күйі нашарламай, тіпті жөтелсе де, мұрны ақса да, бала тамақ, су ішіп, еркін ұйықтайды, яғни аурудың белгілері оған қиындық әкелмейді» дейді веомстводан.

Температура мен катаральды құбылыстардың фонында аурудың орташа дәрежесінде бала қыңыр болып, тәбеті төмендейді.

Мұндай балаларды ұдайы назарда ұстаған жөн, егер жай-күйі жақсармаса, дәрігерге қоңырау шалу керек.

Егер балада ауру белгілерінің кем дегенде біреуі болса, жедел жәрдем шақыру керек.

 

Олар: тұрақты дене қызуы, тамақ, су ішпеу, ентігу, мазасыздық, тоқтаусыз жылау, зәрдің дұрыс болмауы, әлсіздік.

 

Другие новости

Back to top button