Госорганы
Вице-премьер Дүйсенова Ажар Ғинияттың жұмыстан не себепті босатылғанын айтты
![](https://matritca.kz/wp-content/uploads/2024/02/full_17072943017c62b15fe9f0637a3cceefc7f6b1cfcb_webp-780x470.webp)
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Тамара Дүйсенова бұрынғы денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың не себепті жұмыстан босатылғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: primeminister.kz
Үкіметтің кеңейтілген отырысында журналистер премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсеноваға осы сауалды қойды.
«Ажар Ғиниятқызы алдына қойылған міндетті орындады. Жұмысын жақсы істеді. Енді жаңа міндет тұр. Жаңа міндет – бұл МӘМС жүйесінің қаржылық бөлігін айналдыру. Осы МӘМС-тің тиімділігін арттыру мәселесі жөнінде жаңа өзгерістер қажет», – деді Дүйсенова.
Еске салайық, Ажар Ғиният Денсаулық сақтау министрі лауазымына 2022 жылғы 11 қаңтарда тағайындалған еді. Ол министр қызметін 2 жыл атқарды.
Айта кетейік, бұған дейін премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселенің біріне айналған МӘМС жүйесіне қатысты сөз қозғаған еді.