Госорганы

Вице-министр қымбат арақ-шараптың акцизінің құнын арттыруды ұсынды

Ұлттық экономика министрі Азамат Әмрин Сенатта өткен дөңгелек үстелде қымбат арақ-шараптың акцизін арттыруды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Вице-министрдің айтуынша, арақ-шарап акцизінің құны Еуразиялық экономикалық одақ аясында реттеліп отыр. Дегенмен, одақ аясындағы келісімшарттар бағасы аса қымбат ішімдіктің акциздерін дұрыс реттемей отырған көрінеді.

«Алкаголь және темекі өнімдері бойынша айтсақ, ЕАЭО келісімшарты аясында жыл сайын салық мөлшерлемесі көтеріліп келеді. Бірақ «қымбат алкоголь өнімдері» дейтін бөлек санат бар. Яғни, бір бөтелкесі 5-6 млн теңге тұратын ликер-арақ өнімдері туралы айтып отырмыз. Ал оның салық мөлшерлемесі бар болғаны 714 мың теңге ғана. Яғни, осындай санатқа акцизді өнім құнының пайызына шағып есептеу ұсынылып отыр. Табак акцизі бойынша да дәл осындай тәсілді ұсынамыз. Бұл ұсыныстардың бәрін қазір талқылап жатырмыз. Құрметті депутаттар, сіздерден де нақты ұсыныстар болса, қарастыруға әзірміз», — деді Ұлттық экономика вице-министрі.

Другие новости

Back to top button