Социум

«Вагнер» жасағына қосылған қазақстандық студент бейнеүндеу жариялады

Ол өзін ешкімнің ұрламағанын, топ құрамына өз еркімен қосылғанын мәлімдеді

Ресейдің «Вагнер» жалдамалы әскер жасағының құрамына қосылған қазақстандық студент  Марғұлан Бекенов бейнежазба арқылы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ол бейнеүндеуінде Ресей жағына өз еркімен қосылғанын айтады.

«БАҚ беттерінде Томск мемлекеттік университетінің студенті, яғни мені ұрлап кетті деп жатыр. Сірә, бұл мен үшін қатты алаңдап, мазасызданып, кез келген жолмен мен осы жерден алып кеткісі келген анамның әрекетінен шыққан шу болса керек», — дейді Марғұлан Бекенов.

Ол Ресейдің арнайы әскери операциясына өз үлесін қосқысы келетінін айтады.

«Вагнер» жасағына өз еркіммен қосылдым. Өзімді жақсы сезінемін, ұжым да жақсы, өзімді таптым десем де болады. Маған бұл жер ұнайды. Психикалық және эмоционалдық тұрғыдан жағдайым жақсы. Тағы да қайталап айтамын, мені ешкім ұрлап әкеткен жоқ», — деді М. Бекенов.

Тақырыпқа орай: Қазақстандық жас жігіт «Вагнер» жасағымен келісімшартқа отырған

Естеріңізге сала кетейік, шетелдегі қарулы қақтығыстарға қатысқаны үшін Қазақстанда заң бойынша бес жылдан тоғыз жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Другие новости

Back to top button