Ұзынағашта атыстан бір адам қаза болды
Оқиғаға қатысы бар адамдар толығымен анықталды
![](https://matritca.kz/wp-content/uploads/2022/08/62ecaadd13bc6747077856-780x470.jpeg)
Алматы облысының Ұзынағаш ауылында атыс болып, бір адам қаза тапты. Бұл туралы Azattyq Ruhy облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Полицияның мәліметінше, 4 тамыз күні сағат 16:20 шамасында Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылының ауруханасына үш жергілікті тұрғын оқ жарақатымен түскен. Жеткізілгеннен кейін зардап шеккендердің бірі жансақтау бөлімінде қайтыс болды.
«Полиция дереу аталған факті бойынша барлық мән-жайларды анықтау және қылмысқа қатысы бар адамдарды ұстау шараларын қабылдады. Іздестіру барысында «ұстап алу» жоспары жарияланды», — делінген хабарламада.
Алдын ала мәлімет бойынша оқиға жергілікті тұрғындар арасында дұшпандық қарым-қатынасқа байланысты болғаны анықталды. Қазіргі уақытта жанжалға қатысы бар адамдар толығымен анықталып, оларды ұстау бойынша іс-шаралар жүріп жатыр.