Госорганы

«Үшеуі әлі емделіп жатыр»: министр Қарағандыда уланған балалар жайлы

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қарағандыда уланған балалардың жағдайы жайлы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Медицина қызметкерлері, Денсаулық сақтау министрлігі балалардың денсаулық жағдайын бақылап отыр. Улану себебіне анықтау бойынша тергеу органдары айналысып жатыр. Менің білуімше, тергеу әлі аяқталған жоқ. Ауруханада жатқан бес баланың екеуі сауығып, әлеуметтік орталыққа оралды. Үшеуі әлі де оңалту көмегін алуда. Олар өз курсын соңына дейін алады және де өз орталығына жіберіледі», — деді ол.

Еске салсақ, тамызда Қарағанды облысының балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында балалар жаппай уланып, бір бала көз жұмған еді.

Другие новости

Back to top button