Социум

Университетте автоматтан оқ жаудырған Тимур Бекмансуровқа сот үкім шығарды

Енді ол өмірінің соңына дейін түрмеде отырады

Ресейдің Пермь университетінде атыс ұйымдастырған 19 жастағы Тимур Бекмансуровқа сот үкім шығарды. Енді ол өмірінің соңына дейін түрмеде отырады. Сот оны өмір бойына бас бостандығынан айырды. Жас жігіттің кесірен алты адам өліп, тағы 40-тан астамы жарақат алды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

Пермь аймақтық соты Бекмансуровты бұзақылық ниетпен жазықсыз адамдарды өлтірген (РФ ҚК 105-бабының 2-бөлігі және «а», «е» тармақтары), кісі өлтіруге оқталғаны үшін (ҚК 30-бабының 3-бөлігі, ҚК 105-бабының 2-бөлігі), құқық қорғау органдары қызметкерінің өміріне қолсұғушылық жасағаны үшін (ҚК 317-бабы) және қасақана мүлікті жою (ҚК 167-бабының 2-бөлігі) бойынша кінәлі деп таныды.

Сондай-ақ сот Бекмансуровты ақыл-есі дұрыс және қылмыстық жауапкершілікке тартылды деп таныды.

Бекмансуровтың өзіне тағылған кінәні барлық тармақтар бойынша мойындады, бірақ соттан тергеумен белсенді ынтымақтастық пен мүгедектікке сілтеме жасай отырып, оған максималды жаза тағайындамауды сұрады. Ұсталған кезде ол аяғынан жарақат алып,  дәрігерлер оның аяғын кесіп тастауға мәжбүр болған еді.

Үкім оқылған 40 минутта Бекмансуров үкімді бір аяғымен тұрып тыңдады. Бекмансуров ісі бойынша 59 адам жәбірленуші деп танылды. Олар қылымыскерден жалпы сомасы 18 миллион рубльден астам өтемақы төлеуді талап етті. Бекмансуров соңғы сөзінде бұл әрекетіне өкінетінін және мүгедектігі бойынша зейнетақысынан және егер колонияда жұмысқа орналасса, алатын жалақысынан келтірілген зиянды өтеуге ниетті екенін айтты.

Еске салайық, 2021 жылдың 20 қыркүйегінде таңертең заң факультетінің бірінші курсына жаңадан келген Тимур Бекмансуров Пермь мемлекеттік ұлттық зерттеу университетінің аумағына кіріп, адамдарға мылтықтан оқ жаудырған. Шабуыл нәтижесінде алты адам қаза тапты. Олардың арасында Ярослав Арамелев, Ксения Самченко, Екатерина Шакирова және Александра Мохова сынды студенттер, университетті бітіріп, құжаттарды алу үшін келген Анна Айгельдина да өлім құшты. Сондай ақ эндоскопист Маргарита Энгаус та бар, сол күні ол немересімен бірге экскурсияға келген.

Тағы 47 адам зардап шекті. Кейбір студенттер аудитория терезелерінен секіріп жарақат алды. Қылмыскерді кезекшілікте боған полиция қызметкері Константин Калинин тоқтатқан. Полиция қылымыскермен атысып, жарақаттау арқылы тоқтатқан. Тергеуде Бекмансуров өзінің әрекетін кісі өлтіруге деген құштарлығын және шабуыл кезінде өзін қауіпсіздік күштері өлтіргенін қалағанын айтқан.

Другие новости

Back to top button