Выбор редакцииУлытауская область

Ұлытау облысының әкімдігі сынға қалған елтаңбаны бекітпейтін болды

Бұл туралы өңір басшылығы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады

Ұлытау облысының әкімдігі сынға қалған елтаңбаны бекітпейтін болды. Бұл туралы әкімдік әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

Бұған дейін хабарлағынымыздай, Ұлытау облысының әкімдігі облыстың жаңа елтаңбасы бекітілді деп эскизін жариялаған болатын. Бірақ елтаңба қатты сынға қалып, қоғам наразылығын туғызған еді.

Azattyq Ruhy ақпарат агенттігінде жариялаған мақала мен желідегі наразылықтан соң облыс әкімдігі конкурстың күшін жою туралы шешім қабылдады.

Тақырыпқа орай: «Дүкен маңдайшасындағы жарнама сияқты». Киелі Ұлытаудың елтаңбасы қатты сынға қалды

«Облыс төлтаңбасы мәселесі әлеуметтік желілерде қызу пікірталас туғызды. Осыған байланысты конкурс қорытындыларын және сәйкесінше, конкурстық комиссияның нәтижелерін жою туралы шешім қабылдады», — деп жазды әкімдік.

Другие новости

Back to top button