Улытауская область

Ұлытау облысында жантүршігерлік жол апатынан 5 адам қаза тапты

Қайғылы оқиға 27 шілдеде Жезқазған-Қарағанды тасжолында болған

Ұлытау облысында жантүршігерлік жол апатынан 5 адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық полиция департаменінің мәліметінше, қайғылы оқиға 27 шілдеде сағат 15:20 шамасында Жезқазған-Қарағанды тасжолында болған.

«Toyota 30 автокөлігі мен жүк көлігі соқтығысты. Соның салдарынан Toyota-ның жүргізушісі мен 4 жолаушысы алған дене жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды», — делінген хабарламада.

Аталған дерек полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

«Полиция көлік жүргізушілерінің жолдағы сақтық шараларын естен шығармауды ескертеді», — деді ПД өкілдері.

Другие новости

Back to top button