Улытауская область
Ұлытау облысы бензин тапшылығына ұшырады
Ұлытау облысының әкімдігі өңір тұрғындарына үндеу жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Өңірдегі кей жанар-жағармай құю бекеттерінде жеткізудің кешігуіне байланысты орын алған тапшылық жөнінде төмендегідей ақпаратты хабарлаймыз. Бүгін түнде жанар-жағармай тиелген 2 вагон, ал келесі күндері апта соңына дейін 16 вагон келеді деп күтілуде.», — делінген хабарламада.
Қабылданған шараларға сәйкес, 23 қазанда жанар-жағармай сатудағы жағдай тұрақталады, бекеттердегі қолданыстағы шектеулер алынып тасталады, деп сендірді облыстық әкімдік.