Улытауская область

Ұлытау облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Бұл қызметке Ғалымжан Құсманғали келді

Ұлытау облысы әкімінің орынбасары болып Ғалымжан Құсманғали тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ғалымжан Мұратұлы Құсманғали 1983 жылы Жәйрем кентінде туған. Сәтбаев қаласы С.Сейфуллин атындағы гимназия түлегі. Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін тәмамдаған. Әлеуметтік ғылымдар магистрі.

Еңбек жолын 2005 жылы Астана қаласының Ішкі саясат департаментінде бас маман болып бастаған. Әр жылдары «Нұр Отан» партиясында, ҚР Парламенті Мәжілісі аппаратында, Орталық сайлау комиссиясында, ҚР Президентінің Әкімшілігінде, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде жауапты қызметтер атқарған.

2021 жылдан бастап осы лауазымға тағайындалғанға дейін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Қоғамдық келісім» РММ директоры болып жұмыс істеді.

 

Другие новости

Back to top button