Госорганы

Ұлыбританиядағы маусымдық жұмысқа баруға 4 мыңға жуық қазақстандық өтініш білдірген

2023 жылдың бірінші жартыжылдығында 4 мыңға жуық қазақстандық Ұлыбритания фермаларында маусымдық жұмыс істеу үшін виза алуға өтініш берген. Салыстыру үшін айта кетейік, 2019 жылы мұндай өтініштер төртеу ғана болған, деп хабарлайды Kazinform Рrotenge телеграм каналына сілтеме жасап. 

Tik Tok желісінде ағылшын фермаларында маусымдық жұмыстарда қалай табыс табуға болатын видеолар көбейді. Олар ауыл шаруашылығы қажеттіліктеріне маусымдық жұмысшыларды тартатын арнайы бағдарлама бойынша барады және 2019 жылдан бастап оған Қазақстан азаматтары да қатыса алады.

Мұнда адамдар егістікте 10-12 сағат кез келген ауа-райында жұмыс істейді. Бірақ соған қарамастан, Ұлыбританияға баруға ниет білдірген қазақстандықтардың саны жыл сайын артып келеді.

Ұлыбритания елшілігінің ресми статистикасы бойынша әр жылда визалық өтініш берген қазақстандықтар саны:

2019 жылы — 4 өтініш;

2020 жылы — 11 өтініш;

2021 жылы — 402 өтініш;

2022 жылы — 2 711 өтініш;

2023 жылдың бірінші жартыжылдығында — 3 994 өтініш.

Айта кетейік, Ұлыбританияда жалақысы төмен жұмысшы айына миллион теңгеге жуық табыс табады, ал Қазақстанда орташа жалақы үш есеге аз – 365 мың.

Другие новости

Back to top button