Госорганы

«Ұлы дала квартиранттары» атанып жүр: Мұқаев баспананы 10% бастапқы жарнамен алуды ұсынды

Ол 50 пайыз бастапқы жарнаны жастар түгілі, ересектер жинай алмайтынын айтты

Бұл туралы Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев төменгі палатаның жалпы отырысында жасаған депутаттық сауалында айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Үйі жоқтың — күйі жоқ» елімізде қолжетімді баспана ең өзекті мәселелердің бірі. Халқымыздың «ұлы дала квартиранттары» атанғаны да жанға қатты батады. Анығын айтқанда, үйсіз-күйсіз жүрген қазақстандықтарды қолжетімді және сапалы баспанамен қамтамасыз ететін мемлекеттік бағдарламалар қолжетімді болмай отыр. Бүгінгі таңда тұрғын үй бағытындағы мемлекеттік бағдарламалар халықтың сұранысын қанағаттандырмауда», — деді ол.

Депутат елімізде жұмыс істейтін тұрғын үй бағдарламаларының тиімсіздігін сынады.

«Әділет министрлігінің тіркеу қызметі мен заң қызметінің ұйымдастыру департаментінің мәліметі бойынша 2022 жылы 129 707 жұп некеге тұрса, 51 мың жұп ажырасқан. Бұл дегеніміз үйленгендердің 40 пайызға жуығы, яғни 3-ші жұп ажырасады деген сөз. Ажырасудың басты себебі материалдық қажеттілігі екенін ескерсек, соның ішінде баспана -бірінші орында. Жас отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету — біршама мәселенің алдын алары сөзсіз. Сондықтан мемлекеттік деңгейде жас отбасы бағдарламасының бастапқы жарнасы 10 пайыздан аспайтындай бастама ұсынамын», — деді Мұқаев.

Другие новости

Back to top button