Госорганы

«Ұлттық қор – балаларға»: 2024 жылғы статистика дерегі берілді

Биыл әр баланың есепшотына 100 АҚШ доллары 52 цент мөлшеріндегі нысаналы салым түсті

«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша елімізде 2024 жылы 304 815 бала есепшотына түскен қаражатты пайдалана алады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy

«Ұлттық қордағы соңғы 18 жылда қалыптасқан орташа инвестициялық кірістің мәні 695 519 269 АҚШ доллары сомасындағы қаражат 6 919 131 балаға теңдей бөлініп, әрбір баланың есепшотына 100 АҚШ доллары 52 цент мөлшеріндегі нысаналы салым түсті. 304 815 бала осы қаражатты 2024 жылы пайдалана алады. Қазіргі таңда салалық министрліктердің бұйрықтарымен қаражатты білім алу және тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін пайдалану тәртібі айқындалған», — деді ҚР Қаржы министрлігі Бюджеттік кредиттеу, ҚР Ұлттық қоры және қаржы секторы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл департаментінің директоры Айбол Арғынғазинов.

Другие новости

Back to top button