Госорганы

Ұлттық банк базалық мөлшерлеме жөнінде шешім қабылдады

Ұлттық банктің хабарлауынша инфляциялық тәуекелдердің балансы проинфляциялық күйін сақтап қалды

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені жылдық 16,75 пайыз деңгейінде ұстау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 16,75% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады.

Бұл шешім инфляцияның Ұлттық Банктің болжамдарына сәйкес келуіне байланысты қабылданды. Ішкі және сыртқы инфляциялық процестер динамикасы, сондай-ақ экономикалық өсу траекториясы Ұлттық Банк болжамының базалық сценарийіне сәйкес қалыптасуда. Айлық инфляция біртіндеп баяулап келеді, бірақ ол өзінің орташа жылдық мәндерінен жоғары күйінде қалып отыр», — делінген Ұлттық банк хабарламасында.

Ұлттық банктің хабарлауынша инфляциялық тәуекелдердің балансы проинфляциялық күйін сақтап қалды, себебі инфляцияның орнықты бөлігі жоғары қалыптасып, инфляциялық күтулер қарқын алды.

«Логистикалық тізбектердің құрылымдық өзгеруі экономикаға теріс ықпалын тигізіп келеді. Сақталып отырған тәуекелдер базалық мөлшерлемені ұзақ уақыт ішінде ағымдағы мәндерде ұстап тұруды талап етеді. Инфляция Ұлттық Банктің күтулеріне сәйкес қалыптасып отыр. Айлық инфляция динамикасы үш ай қатарынан баяулауды көрсетіп, 2022 жылғы қыркүйектегі 1,8%-дан желтоқсанда 1,2%-ға дейін төмендеді. Көрсеткіштің төмендеуіне қарамастан, ол орташа жылдық мәндерден айтарлықтай асып (соңғы 5 жыл ішінде орташа алғанда желтоқсанда –  0,7%), жоғары қалпында қалды», — делінген хабарламада.

Другие новости

Back to top button