Ұлттық банк 2 қыркүйекке арналған доллар бағамын белгіледі
Ресей рублінің ресми бағамы 7.82 теңге болды
![](https://matritca.kz/wp-content/uploads/2022/09/63116c234e66c134594691-780x470.webp)
Қазақстанның Ұлттық банкі 2 қыркүйекке арналған доллар мен рубльдің теңгеге қатысты ресми бағамын белгіледі.
Бүгін, яғни жұма күні доллардың ресми бағамы сәл төмендеп, 471.43 теңгеге тең болды.
Айта кетейік, америкалық валютаның 1 қыркүйектегі ресми бағамы 472.21 теңге болған еді.
Ресей рублінің ресми бағамы 7.82 теңге болды.
Kurs.kz сайтының мәліметінше, бүгін таңғы сағат 8.00-дегі жағдай бойынша Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллардың орташа бағамы 470 теңгеден сатып алынып, 475 теңгеден сатылып жатыр. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында орташа есеппен 470 теңгеден сатып алынып, 473 теңгеден сатылып жатыр.
Бүгінгі ресми валюта бағамы бойынша:
USD / KZT – 471.43 (АҚШ доллары)
EUR / KZT – 472.7 (еуро)
TRY / KZT – 25.91 (түрік лирасы)
RUB / KZT – 7.82 (ресейлік рубль)
CNY / KZT – 68.34 (қытай юані)
KGS / KZT – 5.84 (қырғыз сомы)
UZS / KZT – 4.3 (өзбек сомы).