Алматинская область

Үлкен Алматы каналының маңынан қан құйылған жүздеген пробирка табылды

Алматы облысында пайдаланылған жүздеген пробирка жол бойына лақтырылған. Пробирканың көбі қанға толып, кейбірі сынған. Жұртшылық қауіпті инфекция таралып кетеді деп қорқады. Бұл туралы КТКарнасы хабарлайды. 

 

Зертханалық құралдар Қызылшарық ауылы маңындағы тас жолдың жанындағы беткейден табылды. Жақын жерде Үлкен Алматы каналы орналасқан.

Мамандар бұл ветеринарлық пробиркалар екенін анықтады. Олар малдың қанында бруцеллез бар-жоғын тексеру үшін пайдаланған. Осыдан соң топырақ дезинфекцияланған.

Полицейлер қауіпті қоқыстарды шашқандарды іздеп жатыр. Тәртіп бұзушылар қоршаған ортаны ластағаны үшін айыппұл төлейді. Ветеринарлардың айтуынша, мұндай пробиркалар дәріханаларда еркін сатылады, сондықтан оларды кез келген адам сатып ала алады.

“610 пробирка жинадық. 17 сәуірден кейін біз бұл пробиркаларды пайдаланбадық. Ондағы маркер таңбалары әлі күнге дейін жақсы сақталған. Шамамен бір ай бұрын лақтырған болса керек”, – деді Еңбекшіқазақ ауданы ветеринариялық стансасының меңгерушісі Еркін Биханов.

Другие новости

Back to top button