Социум

Украина тұтқынға түскен 55 ресейлікті 215 сарбазына айырбастап алды

Украина саясаткер Медведчукті өз сарбаздарына айырбастап алды

Бүгін, 22 қыркүйек күні Украина  тұтқынға түскен әскерилерін қайтарып алу операциясын өткізді.Украина билігі түнде тұтқындарын қайтарып алу жөніндегі ауқымды операция өткізді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ресей басқыншылығы басталғалы бері Киев тұтқынға түскен әскерилерін қайтару бойынша ең үлкен операция өткенін хабарлады.

Украина президенті Владимир Зеленскийдің айтуынша, Киев 215 әскерін тұтқыннан қайтару үшін орнына саясаткер Виктор Медведчук пен 55 орыс әскерін берген.

«Жалпы 215 батырымыз босатылды. Айырбас жұмысы енді ғана аяқталды. Біз адамдарымызды үйлеріне қайтарып жатырмыз. Бұл, әрине, мемлекетіміздің, бүкіл қоғамымыздың жеңісі. Ең бастысы, жақындарымен қайта қауышатын 215 отбасының қуанышы», — деді В. Зеленский.

ВВС агенттігінің хабарлауынша, бірнеше ел қатысқан тұтқын алмасу операциясы соңғы сағаттарға дейін құпия сақталған. Операция туралы алғашқы ресми мәлімет Украинаның БАҚ беттерінде пайда болды. Артынша әлемдік БАҚ тұтқын алмасу процесінің сәтті өткенін хабарлады.


 

Другие новости

Back to top button