Социум

Украина тағы Ресейдің жаппай атқылауына ұшырады

Әуе атысынан бірнеше адам қаза тапты

Украина бейсенбі күні тағы Ресейдің жаппай әуе шабуылына ұшырады, нәтижесінде Украина билігінің мәліметі бойынша бірнеше адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ryhy тілшісі Еуроньюс агенттігіне сілтеме жасап.

Днепрдегі осындай шабуылдардың бірін өтіп бара жатқан автокөлік жүргізушісі түсіріп алған. Хабарланғандай, аталған әуе атысынан барлығы 14 адам зардап шекті.

Әуе дабылы бүкіл елде жарияланды. Киевте бір адам қайтыс болып, мыңдаған үй жарықтан айырылды. Оқтан қорғану үшін жергілікті тұрғындар метроны паналады.

Толықтыра кетейік, осы уақытта Польшада шекара маңындағы ауылдардың бірінде зымыранның жарылуы туралы тергеу жалғасуда. Поляк билігі оны ресейлік зымыранды ұстап қалу үшін Украинаның Әуе қорғанысы жүйесі ұшырған болуы мүмкін деп санайды. Оқиға салдарынан екі адам қаза тапты. Қазір зымыран құлаған жерде поляк-американдық тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Поляк шенеуніктерінің айтуынша, жарылыс болған жерге украиналық мамандарға кіруге рұқсат бар.

Другие новости

Back to top button