Социум

Украина президенті НАТО Парламенттік ассамблеясында сөз сөйлейді

Биыл Украина НАТО-ға қосылу үшін жедел өтініш тапсырған болатын

Бүгін, Украина президенті Владимир Зеленский НАТО-ның жыл сайынғы Парламенттік сессиясяында сөз сөйлейді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

ВВС агенттігінің хабарлауынша, Испания астанасы Мадрид қаласында НАТО Парламенттік сессиясының 68-отырысы ашылады. Жоспар бойынша дүйсенбі, 21 қараша күні сессияда НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг, Украина президенті Владимир Зеленский және Испанияның премьер-министрі Педро Санчес сөл сөйлейді.

Жалпы, ассамблеяға 30 елдің 288 парламентарийлері қатысады деген болжам бар.

Естеріңізге сала кетейік, биыл күзде Украина НАТО-ға қосылу үшін жедел өтініш тапсырған болатын.

Другие новости

Back to top button