Үкіметте «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына экологиялық аудит жүргізу барысы талқыланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов бірқатар министрліктер басшыларының, Бас прокуратура, Қаржылық мониторинг агенттігі, ҰҚК өкілдерінің қатысуымен «АрселорМиттал Теміртау» АҚ мәселелері бойынша кеңес өткізді.
«Кеңес барысында кәсіпорынға экологиялық және өнеркәсіптік қауіпсіздік аудит жүргізу барысы туралы ақпарат берілді», — делінген хабарламада.
Бұл жұмыс халықаралық консультанттардың қатысуымен жүргізіліп жатқаны мәлім.