Госорганы

Үкімет басшысы АЭС салу туралы: Түпкілікті шешім әлі қабылданған жоқ

ҚР Үкіметі басшысы Әлихан Смайылов елімізде атом электр стансасын салуға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Атом электр стансасы — өте күрделі технологиялық объект. Біз бұл нысанды әлемдегі ең озық технологиялары бар компаниямен бірге салғымыз келеді. Яғни, әлемнің ең озық технологияларын тарту үшін көпжақты жоба болғанын қалаймыз. Негізгі жеткізуші ретінде «Росатомды» таңдауға қатысты шешім әлі қабылданған жоқ. Шешімді биыл халықаралық сарапшылармен пысықтай отырып қабылдаймыз. Бізде Росатоммен бірге арнайы жол картасы жасалды, енді дайындық жұмысын жүргізуіміз керек. Оның қорытындысы бойынша тікелей ядролық және басқа да жабдықтарды жеткізуші компания айқындалады», — деді Әлихан Смайылов Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап беріп.

Премьер-Министрдің айтуынша, АЭС салу сараптамалық зерттеуді талап етеді және әзірге соңғы шешім қабылданған жоқ.

 

Еске салсақ, бұған дейін Энергетика министрі Болат Ақшолақов атом электр станциясын салу технологиясы биыл таңдалатынын айтқан еді.

 

Другие новости

Back to top button