Главное

«Үйленгеннен кейін концерт қояды»: Меруерт Түсіпбаева тұрмыс құрмаған қыздарға кеңес берді

Танымал әнші, актриса Меруерт Түсіпбаева қоғамда күйеуінен қорлық көрген қыздарға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі қоғамды дүр сілкіндірген 21 жастағы Ажардың өліміне өз ойын айтты.

“Руслан Өтепбайдан тағы бір сұмдық жағдайды көрдім. Алматыда айдың күннің аманында Ажар деген әп-әдемі келіншек 6-қабаттан секіріп өлді. 12 мүшесі сау, ҚазҰУ- ды аяқтап, Абай атындағы ҚазПҰУ-да оқып жатқан еді. Артында Нұрдәулет деген баласы қалды. Бұл оқиға маған Мәскеуде оқып жүріп, қаза тапқан Томиристің оқиғасын еске салды. Анасы Жанна ханым ,талай қиындықты басынан кешсе де, ақыры Томпиды анау аты өшкір Муртузалидың лақтырып жібергенін дәлелдеп еді ғой.  Біз де дәлелдеуіміз керек?! 19 жасында Нәдірбек деген есерсоққа күйеуге шығып, небәрі 21 жасында кішкентай баласын тастап, 6-қабаттан неге секіреді?! Мүмкін емес. Ал, кім сенеді?!”, – деп жазды әнші.

Сондай-ақ, өнер иесі тұрмыс құрмаған қыздарға кеңес беріп, қол көтеретін жігіттерден қашу керегін айтты.

“Сіздерден өтінерім, қыздар?! Жүріп жүргенде жігіттің бәрі сыпайы, үйленгеннен соң концерт қоя бастайды. Бір минутта шыдамаңыздар, ондай күйеулер өзгермейді. Қолын бір рет көтерген ез сорақылығын жалғастырады. Бишімбаев Салтанат Нүкенованы азаптап өлтіргені үшін 24 жылға қамалды. Қанышерге сондай жаза берсін! Бұл трагедияны резонанс жасап, тарату керек”, – деді эстрада жұлдызы.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында жас келіншек 6-қабаттан құлап, мерт болғанын жаздық. Қайғылы оқиға 9 наурыз күні Қарасай ауданындағы «Асыл арман» тұрғын үй кешенінде болған. Марқұмның соңында бір жасар баласы қалды. «Ұрып-соғып, тұншықтырған»: Алматылық әйел қызының өліміне күйеу баласын айыптап отыр.

 

Другие новости

Back to top button