Алматы

«Үйімізді сүрмесін!»: Алматы тұрғындары ереуілге шықты

Алматы қаласы Алатау ауданындағы Мәдениет шағын ауданында тұрғындар ереуілге шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Мәдениет шағын ауданында 2014-2015 жылдардан бері жекеменшік тұрғын үйлер тұрғызыла бастаған. Көктем басталғалы аудан тұрғындарының ішкен асы бойына тарамай жүр. Өйткені тұрғын үйлер сүріліп, аталған аумаққа темір жол түседі дегенді естіген.
«Маңдай терімізбен ақша тауып, кезінде бір учаскені 10 миллионға сатып алдық. Баспана тұрғыздық. Енді әкімдік үйімізді сүреміз деп жатыр. Жеріміздің де, үйіміздің де құжаттары түгел, заңды. Нотариус арқылы жеке үй құрылысы (ИЖС) ретінде жасалған. Ауыл тұрғындарының 90 процентіндеқұжат бар», — дейді тұрғындар.
Айтуларынша, Алатау ауданының басшылығымен де, Алматы қаласы әкімі Досаевпен де кездескен. Алайда көңіл көншітер жаңалық жоқ. Ал тұрғындар ереуіліне келген билік өкілдері мәселе тек желтоқсан айында шешіледі дейді.

Другие новости

Back to top button