Госорганы

Ұялы тарифтер бағасының өсуі әлемдік тенденция — Настрадин

Қазақстан мобильді интернеттің төмен құны бойынша әлемнің 164 елінің арасында 5-ші орынды иеленеді

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Beeline Қазақстан» Бас атқарушы директоры Евгений Настрадин тарифтердің бағасы жайлы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Әртүрлі қосымшаларды, әртүрлі бағыттағы контентті пайдалантын мобильді интернетті тұтынатын абоненттеріміздің табысы бар адамдар екенін түсінеміз. Сондықтан біз әр аудиторияға арналған нұсқаларды ойластырдық: зейнеткерлер мен мүгедектігі бар абоненттер үшін «әлеуметтік» тариф бар, бүкіл отбасыға арналған мәзірлемелер, интернетті белсенді пайдаланушылар үшін және мүлдем қажет емес адамдар үшін де арнайы тарифтер бар. Біз үшін кез келген клиент өз қажеттіліктеріне сәйкес келетін тарифті таба алуы маңызды», — деді Евгений Настрадин.

Сонымен қатар, ұялы байланыс операторларының шығындарының өсуі бұл жалпы әлемдік тенденция, бұл туралы 2023 жылдың 5 мамырында жарияланған IDC ұйымының есебінде айтылған.

Онда тарифтердің өсуінің жаһандық үрдісі көрсетілген.

«Қалыптасқан макроэкономикалық ахуал, дағдарыс және инфляцияның жоғары деңгейі жағдайында бүкіл әлем бойынша провайдерлер тарифтерді көтере бастады. Бұл операциялық шығындар мен айтарлықтай қымбаттаған жабдық шығындарының орнын толтыру үшін қажет. Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) бағалауы бойынша инфляция кем дегенде 2025 жылға дейін сақталады, яғни телекоммуникация операторлары өз қызметтерінің бағасын көтеруді жалғастырады», — деді ол.

Қазақстандағы мобильді интернет құны әлемдегі ең төмен бағалардың бірі болып қала береді.

Осылайша, Internet Accessibility Index ұйымының деректеріне сәйкес, республика мобильді интернеттің төмен құны бойынша әлемнің 164 елінің арасында 5-ші орынды иеленді.

Бұл ретте ҚР Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес 2022 жылдың үшінші тоқсанында халықтың барлық тұтынушылық шығыстарынан байланыс қызметтеріне арналған шығыстардың үлесі небәрі 3,3 % құраған.

Другие новости

Back to top button