Госорганы

ҰБ азық-түлік бағасының өсуіне не себеп болатындығын айтты

 ҚР Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов азық-түлік бағасының өсуіне не себеп болатындығын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Ұлттық банкте өткен брифингте БАҚ өкілдері Ғалымжан Пірматовтан: «Зейнетақы өссе азық-түлікке де баға қосылады. Сіздің болжамыңыз қандай? Қазақстан азаматтары не күте алады?», — деп сұраған еді.

 

Сауалға жауап берген ол Ұлттық банк ақша-кредит саясатын жүргізген кезде инфляцияны қадағалау үшін сұраныс пен ұсыныстың арасындағы тепе-теңдікті табуға тырысатындығын атап өтті.

 

«Әрине, ұсыныс өсіп жатқан сұранысты дер кезінде қамтамасыз ете алмайтын болса, онда баға өседі. Сондықтан базалық мөлшерлемені көтеру арқылы халықтың артық сұранысын шектеуге болады. Сұраныс көбірек өсе берсе, ал ұсыныс дер кезінде қамтамасыз етілмесе баға өседі», — деді Ұлттық банк төрағасы.

 

Другие новости

Back to top button