Выбор редакцииКультура

«Уақыт өтіп кетті»: Мақпал Жүнісова неліктен екінші рет тұрмысқа шықпағанын айтты

Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова жеке өміріне қатысты мәлімдеме жасап, неліктен әлі күнге дейін тұрмыс құрмай, жалғыз жүргенін айтты. Бұл туралы YouTube-тағы KYN арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Еліміздің ең танымал әншісі ақын Құрманай Бақтиярқызының Шымкент қаласында өткен жеке шығармашылық кешінде ән шырқап, көпшілікпен тілдесті.

«Мен гүлдерімнің бәрін таратып беремін. «Әй, апарып беріңдер. Қанша әйелдерің бар еді?», — деп бәріне таратып беремін. Сол ғой енді… Қазір еркектер 4-5 әйел ала береді. Біз байқұс бір байға жарымай жүрміз әлі. Зәкеңнің жүгі ауыр ғой.

Біреуге қарайын десең, ана жақтан келіп: «Ау, қайда бара жатырсың» деп айтады екен деп… Біреу жақындай бастаса болды: «жақсы, сау болыңыздар» деймін. Шынымен де уақыт өтіп кетті ғой. Бәрі өз орнымен, өз уақытымен болса жақсы. Жүрекке әмір жүрмейді. Енді алпыстан асқанда сондай махаббат болады деп ойламаймын. Менің махаббатым тек сіздерге, халыққа деген махаббат», — деді әнші концертке жиналған халық алдында.

Другие новости

Back to top button