Госорганы

Туыстары мен достары бар: Бозымбаев ұшақ апатына қатысты журналистерге өтініш айтты

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев БАҚ өкілдерінің алдында сөз сөйлеп, қаза болған жолаушылардың туыстары мен жақындарының сезіміне құрметпен қарауды сұрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

АНЫҚ-ҚАНЫҚ

Үкімет басшысы орынбасарының айтуынша, қазақстандық басылымдардың бірінде марқұмдардың дене бөліктері түсірілген видео жарияланған.

«Осыны пайдаланып журналистерге өтініш айтқым келеді. Біздің басылымдардың бірі дене мүшелерінің фрагменттері бейнеленген видео жариялады. Әдеп сақтаңыздар. Мұны туыстары мен достары көріп отыр. Хайпқа салып журналистер күйген, пішіні бұзылған денелердің фрагменттерін көрсетеді. Қаралым көп жинайсыздар, бірақ марқұмдардың мыңдаған туыстары мен достарын құрметтеңіздер», деді Бозымбаев.

ҰШАҚ АПАТЫ ТУРАЛЫ

25 қазан күні Ақтауда Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан Әзербайжанның ұшағы апатқа ұшырады. Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев ұшақ апатынан 38 адам қаза тапқанын ресми мәлімдеді.

Azerbaijan Airlines авиакомпаниясының деректері бойынша бортта 5 экипаж мүшесін қоса алғанда 67 адам болған.

ТЖМ апатқа ұшыраған ұшақтағы адам саны туралы түпкілікті ақпаратты жариялады.

Оқиға салдарынан 29 адам, оның ішінде 2 бала ауруханаға жатқызылды. Оның ішінде 15 Әзірбайжан азаматы, 9 Ресей азаматы, 2 Қырғызстан азаматы, 3 адамның азаматтығы анықталуда.

Ақтау маңында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай режимі жарияланып, кинологтар іске кірісті.

Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтау маңындағы ұшақ апаты кезінде қаза тапқан отандастарымыздың тізімін жариялады.

Другие новости

Back to top button