Выбор редакции

Тұрмысқа шығуға анасы көндірген: Алматыда әріптестері көз жұмған адвокат жайлы айтып берді

Алматыда әріптестері көз жұмған адвокат Айман Асанова жайлы айтып берді. Олар марқұмның мейірімді жан болғанын айтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда заңгерді әлдебіреудің пышақтап кеткені жайлы айтылған еді. Әйел ауруханада тіл тартпастан кетті. Полицейлер күдікті ретінде оның бұрынғы күйеуін таныған. Қазіргі таңда адвокаттың өліміне қатысы бар азамат тергеу изоляторына қамауға алынған.

“Әрдайым көтеріңкі көңіл-күйде әлем елдерінде саяхаттап жүретін. Бір күні оны Астанадағы әуежайда кездестіріп қалдым, сол кезде тұрмысқа шыққаны жайлы айтты. Мұңлы екенін байқадым. Тұрмысқа шығуға анасы көндірген, өзі ана атанғысы келген. Сөйлесіп тұрғанымызда күйеуі жиі телефон соққан еді. Бұл оған ұнамайтынын аңғардым. Жүрегім ауырады, жатқан жері жайлы болсын”, – дейді әріптесі Гүлнар Жуаспаева.

Оның сөзінше, Айман Асанованың отау құрғанына бірнеше жыл ғана болған. Полиция күйеуі экономист екенін, әйеліне мұндай зұлымдық жасауына мүлік себеп болуы мүмкін екенін жеткізді. Егер оның кінәсі анықталса, ер азамат 15жылға дейін түрмеге тоғытылуы мүмкін.

Другие новости

Back to top button