Госорганы

Түрмеде отырған Сатыбалды Үшқоңыр жайлауында орналасқан салтанатты сарайды Назарбаевқа сыйға тартқан

Сотталып түрмеде отырған қазақстандық олигарх Қайрат Сатыбалды өзінің нағашысы, Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Алматы облысындағы Үшқоңыр жайлауындағы сәнді сарайды сыйға тартқан. Бұл жөнінде  Азаттық радиосын хабарлайды.

 

“Назарбаевтардың «отбасының ұясы» саналатын Алматыға жақын жерде орналасқан Үшқоңыр үстіртіндегі сән-салтанатты сарайдың тізбегі ауысты. Қазақстанның бұрынғы президентінің жиені Қайрат Сатыбалды мүлікті нағашысы Нұрсұлтан Назарбаевқа сыйға тартты. Бұл Сатыбалды мүлкі тәркіленіп түрмеге жабылғаннан кейін орын алғаны қызық көрінеді”, – делінген зерттеуде.

Ақпаратқа қарағанда, биыл сәуірдің ортасында бұрын Сатыбалдының атында тұрған жайлаудағы осы резиденция ағасы, Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың иелігіндегі «Елбасы» қорының меншігіне өткен.

“Бірақ оның қалай жүзеге асқаны жұмбақ”, – дейді зерттеу авторлары.

Басылым Сатыбалдыға бас бостандығынан айырумен қатар мүлкін тәркілеуге қатысты да үкім шығарылғанын атап өтеді.

“Сот үкімінде Сатыбалдыұлының бойдақ екені, бірақ кәмелет жасына толмаған 7 баласы бары жазылған. Қылмыстық-атқару кодексі бойынша, «сотталған адамның мүлкі оның отбасы тұратын жалғыз үй болса, тәркіленбейді» деген қосымша бар. Бірақ Сатыбалды отбасының басқа үйі болмағандықтан тәркілеу тізіміне кірмеді деген нұсқаға негіз жоқ. Себебі Азаттық бұған дейінгі зерттеулерде Астанада Қайраттың Исмаил деген ұлының атындағы зәулім үйді, Алматы қаласында үш баласының анасы Әсел Бақтиярқызының иелігіндегі 12,5 гектар жерде орналасқан салтанатты сарай, коттедждерді көрсеткен”, – дейді дереккөз.

Алматы облысы прокуратурасының мәліметінше, экс-президенттің аты-жөні жарияланбаған туыстарына тиесілі 4569 гектар 12 жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылған.

“Дегенмен қазір Үшқоңыр сарайы Нұрсұлтан Назарбаевтың, ал айналасындағы мыңдаған гектар жер оның туыстарының меншігінде. Биыл сәуірде сарайдың меншік құқығы ауысқан уақытта мұндағы жер учаскелерін иелік етіп отырған компаниялардың түпкі құрылтайшысы да ауысқан. 9412 гектар жерді меншіктеп, тағы 1300-дей гектар жерді жалға алып отырған 4 компания – «Steppe AgroMeat» («Дүние Агро» – бұрынғы атауы), «Qaz Agro Centre» («Айсам Ко. ЛТД»), «Breeding company» («Луна Трейд»), «Prime Capital reKarasay-дың» түпкі иесі бұрын Болат Назарбаев еді. Қазір бұл жылжымайтын мүліктерге «Prime Capital Holding» серіктестігі арқылы Болаттың ұлы Нұрбол Назарбаев иелік етіп отыр. Түпкі бенефициары ауысқанымен, сарайдан тыс жатқан 10 мың гектар жерге антикор, соттың арест, шектеуі тұр. Мемлекетке қайтарыла ма, жоқ па, белгісіз”, – деп түйіндейді басылым.

Еске салайық, 26 қыркүйекте станада Байқоңыр ауданының №2 сотының судьясы Қайрат Сатыбалдыға қатысты соңғы үкімін шығарып, оны 6 жылға бас бостандығынан айырған еді. Сондай-ақ ол 10 жыл бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды.

Другие новости

Back to top button