Туркестанская область
Түркістанда егде жастағы әйел лифт шахтасына құлап, мерт болды
Оқиға жаңа қала аумағында салынған үйлердің бірінде болған
Түркістанда 74 жастағы әйел лифт шахтасына құлап кетіп, көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа .
Мәлім болғандай, оқиға жаңа қала аумағында салынған үйлердің бірінде болған. Жөндеу жұмыстарына байланысты лифтінің кабинкасы бесінші қабатқа тоқтатылған. Ал бірінші қабаттағы лифтінің есігін ашқан 74 жастағы тұрғын төменге құлап кеткен.
«Жөндеу жұмыстарына байланысты есіктердің барлығы жабылған болатын. Ал зардап шегушінің есікті қалай ашып алғаны тексеріліп жатыр», — деді Түркістан қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Талғат Үсенбаев.