Туркестанская область
Түркістан қаласының ерекше мәртебесі бекітілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Заңда еліміздің рухани, тарихи-мәдени, туристік орталығы және сәулет мұрасы ретіндегі Түркістан қаласының ерекше мәртебесі бекітілген.
Құжатта мынандай мәселелер қарастырылған:
- тарихи-мәдени мұраны сақтау – Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен басқа да ескерткіштерді қорғау;
- археологиялық және ғылыми-реставрациялық жұмыстарды реттеу;
- тарихи-мәдени мұраны қайта жаңғырту және ұлттық қолөнерді дәріптеу;
- қорғау аймағында биіктігі мен сәулеті үйлеспейтін ғимараттарды салмау;
- археологиялық ескерткіштердің резерватын құру;
- мүгедектігі бар адамдарға қолжетімді инфрақұрылым және инклюзивті туризм құру арқылы қалада жайлы орта қалыптастыру;
- қаланың бірыңғай келбетін – сәулет ерекшелігін сақтау үшін дизайн код енгізу;
- тиімді басқару мен бақылау үшін әкімдік пен мәслихат өкілеттігін кеңейту;
- мемлекет тарапынан қолөнер шеберлерін қолдау мен көлік транзитін реттеу;
- туризмді дамыту және тұрмыс сапасын арттырумен қатар қаланың тарихи ерекшелігін сақтау қарастырылған.