Туркестанская область

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА БИЫЛ ТӨРТ МЕКТЕПТІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРУ ЖОСПАРЛАНУДА

Бүгінгі таңда Ордабасы ауданында облыстық бюджеттің есебінен алты мектептің құрылысы жүріп жатыр. Оның төртеуін жылдың аяғында пайдалануға беру жоспарлануда.

Атап айтар болсақ, Төрткөл елді мекенінде салынып жатқан 300 орындық білім ошағының құрылысы 2020 жылы басталған. Онда 40-қа жуық адам еңбек етіп жатыр. Дені жергілікті тұрғындар.

Сонымен қатар, Бадам ауылдық округіне қарасты Дербес ауылындағы С. Мұқанов атындағы 300 орындық мектептің де құрылысы жыл соңында бітеді. Сондай-ақ, құрылысы 2021 жылдың шілдесінде басталған Қараспан елді мекеніндегі «Мақташы» атындағы 200 орындық жалпы орта мектептің де құрылысы аяқталуға жақын.

Өткен жылдың тамыз айында Шұбар ауылдық округіндегі Аққойлы ауылында 100 орындық «Ақбастау» мектебінің іргетасы қаланған болатын. Аталған білім ошағын мердігер мекеме қараша айында толық бітіріп, пайдалануға бермек ниетте.

Ал, аудандағы халқы 40 мыңға жуық Шұбар ауылындағы 600 орындық мектеп пен Төрткөл ауылдық округінің Қызылжар елді мекеніндегі «Қызылжар» білім ошағы 2023 жылы, жаңа оқу жылына қарсы пайдалануға берілмек.

 

Другие новости

Back to top button