Туркестанская область

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СПАРТАКИАДАДА БИЛЬЯРДТАН 1 ОРЫН АЛДЫ

Петропавл қаласында өтіп жатқан мемлекеттік қызметшілер арасындағы республикалық Спартакиадада Түркістан облысының бильярд құрама командасы командалық есеппен жүлделі 1 орынға ие болды.

Аталған спорт түрінен Ордабасы ауданы, Қажымұқан ауыл округінің әкімі Ендібай Құмар, Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің жетекші маманы Дастан Айтымбетов, Түркістан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Ермахан Атемов және Мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Дастан Альтеев жарыс жүлделерімен марапатталды.

Айта кетерлігі, Түркістан облысының волейбол құрама командасы 16 шілде күні өтетін ақтық ойынға жолдама алды.

Другие новости

Back to top button