Туркестанская область

Түркістан облысында су соратын 24 қондырғы заңсыз орнатылғаны анықталды

Түркістан облысы Шардара ауданының Жаушықұм суару алқабынан тіркелмеген 24 сорғы қондырғысы табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап.

Заң бұзушылықтар жойылады

Заң бұзушылықты Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының мамандары анықтады.

«Тексеру нәтижелері тиісті шаралар қабылдау үшін жергілікті атқарушы органдарға жолданды. Сондай-ақ жергілікті әкімдікке анықталған заң бұзушылықтарды жою бойынша ұсыныстар берілді», — деп жазылған хабарламада.

2025 жылдың бірінші тоқсанында Су ресурстары және ирригация министрлігінің бассейндік инспекциялары 20 тексеру жүргізіп, нәтижесінде 26 заң бұзушылық анықталып, 10 ұйғарым шығарылды. 13,3 млн теңге сомасына 133 әкімшілік айыппұл салынды.

Жазалау шаралары күшейтіледі

2024 жылы бассейндік инспекциялар 439 тексеру жүргізіп, оның барысында 1 855 заң бұзушылық анықталып, 429 ұйғарым шығарылды. Жалпы сомасы 48,4 млн теңгеге 582 әкімшілік айыппұл салынды.

«10 маусымнан бастап жаңа Су кодексі күшіне енеді. Құжатқа сәйкес, бассейндік инспекциялар қадағалау және жедел әрекет ету шараларын қабылдау құқығына ие болады. Сонымен қатар Су кодексіне сәйкес, Әкімшілік кодекске де өзгерістер енгізіліп, су заңнамасын бұзғандарға жазалау шаралары күшейтіледі», — деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Другие новости

Back to top button