Туркестанская область
Түркістан облысында пациент дәрігерді пышақтап тастаған
Жәбірленуші ауруханаға жатқызылды
Түркістан облысында дәрігерге шабуылдаған күдіктіні полиция ұстады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Полиция мәліметінше, Сайрам ауданының Ақсукент кентіндегі жеке клиникада пациенттердің бірі ультрадыбыстық кабинетте кезекте тұрғанда жанжал шығарып, рентгенолог-дәрігерге пышақ жарақатын салған.
«Жәбірленуші ауруханаға жатқызылды. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы дереу шықты», — делінген облыстық ПД хабарламасында.
Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 2-бөлігі «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Полиция ауданның 27 жастағы күдікті тұрғынын ұстады. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Болған оқиғаның барлық мәнжайы анықталуда», — делінген хабарламада.