ГлавноеТуркестанская область

Түркістан облысында жоғалып кеткен оқушы қыздың денесі табылды

Інжудің канал суына құлап кеткенін құрбысы бір күн бұрын мойындаған болатын

Түркістан облысында жоғалып кеткен 5-сынып оқушысы Інжу Ескерместің денесі каналдан табылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Otyrar басылымының жазуынша, қыз баланың мәйіті 5 күн бойы іздеу жұмыстарынан кейін бүгін таңғы сағат 10:10-да табылған.

«Інжудің канал суына құлап кеткенін құрбысы бір күн бұрын ғана мойындаған болатын. Қатты қорқып қалған ол болған оқиғаны бұған дейін ешкімге айтпай келген. Ал бүгін құтқарушылар кәмелетке толмаған баланың денесін тапты», — делінген хаарламада.

Еске салайық, 25 наурызда сағат 17:00-де Інжу ойнауға аулаға шығып, қайтып оралмаған. Құтқарушылар қызды іздеуге барлық күші мен техникасын жұмылдырды.

Другие новости

Back to top button