Туркестанская область
Түркістан облысында былтыр кәмелетке толмаған 370-тен астам қыз бала жүкті болып қалған
Түркістан облысында 2024 жылдың қаңтар-қазан айларында 370-тен астам кәмелетке толмаған баланың жүкті болған. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігінің ресми сауалына облыстық денсаулық сақтау басқармасы жауап берді.
«Түркістан облысында 2024 жылдың 10 айында жасөспірімдердің жүкті болуының 374 оқиғасы тіркелді. 2023 жылдың 10 айында – 389 жағдай, 2022 жылдың 10 айында – 407 жағдай, 2021 жылдың 10 айында 500 жасөспірімнің жүктілік жағдайы тіркелді», — деп хабарлады ведомство.
Бұл ретте ерте жасөспірімдік жүктілік көбінесе 16-17 жас аралығында тіркеледі, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Өткен жылдың 10 айында кәмелетке толмағандар 13 жасанды түсік жасаса, 2023 жылдың 10 айында – 12. Сонымен қатар, осы кезеңде өлі туу жағдайлары тіркелген жоқ.
2024 жылдың 10 айында 135, ал 2023 жылдың 10 айында 210 қыз бала уақытында босанған.