Туркестанская область

Түркістан облысында бір жасар бала даладағы дәретхана тесігіне түсіп кеткен

Түркістан облысында бір жасар бала даладағы дәретханаға құлап кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

 

Бүлдіршінді 10 жасар ағасы құтқарған.

Оқиға Түркістан облысының Қазығұрт ауданында болған. Анасы баланың жоқ екенін бірден сезген.

Баланы дәретхана тесігінен алып шығу үшін ата-анасы 10 жасар ұлының беліне қатты арқан байлап, оны тесікке түсірді. Ол бір жасар баланы көтеріп алды да, содан кейін екі баланы үлкендер шұңқырдан шығарды.

Төртінші сынып оқушысы ерлігі үшін облыстық төтенше жағдайлар департаментінің алғыс хатымен марапатталды.

Другие новости

Back to top button