Туркестанская область

Түркістан облысында автогаз және дизель отыны тапшы

Түркістан облысында автогаз және дизель отыны тапшы. Соның кесірінен диқандар көктемгі егіс жұмыстарын бастай алмай отыр. Ал жүк көлігін жүргізушілері ұзын-сонар кезекті тұр.

 

Түркістан облысындағы 317 газ құю станциясының көбінде соңғы 10 күннен бері көгілдір отын жоқ. Сондықтан кейбірі жұмысын да уақытша тоқтатқан. Қазір қаладан қаладан шыға берістегі екі бекетте ғана газ белгілі бір көлемде босатылып жатыр. Оған қол жеткізу үшін ұзын-сонар кезекке тұру керек.

Жүк көлігіннің жүргізушілері де діттеген жерге жетудің амалын іздеп жүр. Себебі дизель отыны тапшы.

Наурыз айында облысқа Шымкент мұнай өңдеу зауытынан 4 мың, ал Ақтөбе мұнай өңдеу зауытынан 6700 тонна дизель отыны жеткізілуі тиіс еді. Бірақ, екінші зауыттан кеш жіберілгендіктен, дизель отынының тапшылығы туындаған. Ал газ бойынша мәселе алдағы уақытта шешіледі дейді, мамандар.

Қуаныш Өмірәлиев, Облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының бөлім басшысы:

Газ тапшылығы осы апрель айынан бастап толық шешімін табады деп отырмыз. Өйткені апрель айында ШНОС іске қосылады толығымен. Енді министрліктің берген көлемі бойынша 2 мың тоннадай СИНПСИ-ден беріп отыр сәуір айына, Қалғаны ШНОС-тан берілді.

Шымкент мұнай өңдеу зауытындағы жөндеу жұмыстары 4 күннен кейін аяқталуы тиіс. Сол кезде жанар-жағармай бекеттерге жеткілікті көлемде жеткізілмек. Оған дейін жүргізушілерге газ бен дизель отынын табылған жерден құюдан басқа амал жоқ.

Другие новости

Back to top button