ГлавноеТуркестанская область

Түркістан облысында Ақсу өзенінен табылған мәйіт үндістандық студенттікі болмай шықты

Түркістан облысында полицейлер Төлеби ауданы Ақсу өзенінен табылған мәйітке байланысты тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

10 қазанда Түркістан облысының Төлеби ауданы полициясының кезекші бөліміне өңірдің төтенше жағдайлар департаментінен Ақсу өзенінде белгісіз мәйіттің табылғаны туралы хабарлама келіп түсті.

“Оқиға орнына дереу аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы шықты. Тексеру кезінде өзеннің оң жағалауынан табылған мәйіттің суда ұзақ тұруына байланысты оны тану мүмкіндігі болмаған. Мәйітке тез арада сараптама тағайындалып, оның қорытындысына сәйкес әйелге тиесілі екендігі анықталды”, – делінген хабарламада.

Бұл жайт Төлеби аудандық полиция бөлімінде тіркелді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде және болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Другие новости

Back to top button