Туркестанская область

Түркістан облысында 2,4 млрд теңге жымқырған шенеуніктер 333,5 млн теңгені ғана қайтарған

Түркістан облысында Мақтаарал ауданы білім бөлімінің 43 лауазымды тұлғалары мен жауапты қызметкерлері 2,4 млрд теңгеден астам бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілініп, іс сотқа жолданды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Прокуратура мәліметінше, жымқыру білім саласында жұмыс істемейтін тұлғалардың есеп шоттарына заңсыз жалақы аудару арқылы жасалған.

«Бүгінгі күні күдіктілер 333,5 млн теңге көлемінде мемлекетке келтірілген залалды қайтарды, сондай-ақ олардың қылмыстық жолмен табылған 649,7 млн теңгені құрайтын мүліктеріне тыйым салынды», — делінген хабарламада.

Другие новости

Back to top button