Туркестанская область

Түркістан облысында 16 жастағы қыз іздестіріліп жатыр

Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары 16 жастағы қызды іздеп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

2024 жылғы 28 шілде күні сағат 10:41-де Түркістан облысы ТЖД Жедел-диспетчерлік қызметінің басқару пультіне Қасқасу ауылынан 15 шақырым жерде «Сайрам-Өгем» аумағына Сайрам-су тау өзеніне 16 жастағы қыз фотосессия кезінде абайсызда құлап кеткені туралы хабарлама түскен.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 37 қызметкері, 1 катері мен 4 техникасы, Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 6 қызметкері мен 3 техникасы, жергілікті атқарушы органдардың 11 қызметкері жұмылдырылды.

Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.

Другие новости

Back to top button