ТҮРКІСТАН: «БАЛАЛАР ЖЫЛЫНДА» КЕНТАУДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАР МАРАФОНЫ ӨТЕДІ
«Балалар жылында» Кентау қаласы әкімі Рашид Аюповтың тапсырмасына сай «KENTAU KIDS MARATHON 2022» халықаралық балалар марафонын өткізуге дайындық басталды. Марафонға екі мыңға жуық жас спортшы қатысады деп жоспарланып, соған жағдай жасалып жатыр.
Халықаралық деңгейде өтетін марафонда түрлі жарыс жеңімпаздары да келіп, балаларға салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы мен артықшылықтарын таныстыра алады. Сондай-ақ марафон жеңімпаздарына халықаралық жарыстарға жолдама беріледі.
2022 жылы қыркүйек айының 25-жұлдызында өткізілуі жоспарланған іс-шараға дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Жарысқа қатысушылармен қатар қолдаушы қонақтар да келуіне байланысты Кентаудың туристерді қабылдау әлеуеті көрсетіледі. Кентау қаласында халықаралық деңгейде өтетін алғашқы спорттық іс-шарасы жергілікті кәсіпкерлерге де қолайлы болмақ.